Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Пациенттерді қолдау қызметі

 

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі (ПҚжІАҚ) ұйымдастырылған.

ПҚжІАҚ жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) олардың туындау орындарында 5 күннен аспайтын мерзімде шешу, көрсетілген медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына пациенттердің қанағаттану дәрежесін сауалнама жүргізу арқылы анықтау;

  2. Кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың жай-күйін және олардың пайдалану тиімділігін бағалау;

  3. Пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларын денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан бағалау (ретроспективті талдау) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

  4. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;

  5. Жұмыстағы кемшіліктердің алдын алуға және жоюға, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бағдарламаларын әзірлеу.

ПҚжІАҚ бөлімінің функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау кіреді.

Сіз ПҚжІАҚ-қа жүгінуге құқылысыз, егер:

- көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

- медициналық персоналдың дөрекі қарым-қатынасына тап болсаңыз;

- кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін ақшалай қаражат талап ету жағдайларына ұшырасаңыз;

- медициналық көмек көрсету тәртібіне байланысты мәселелер туындаса.

Сондай-ақ Сізге ыңғайлы болу үшін Пациенттерді қолдау қызметіне жүгінудің басқа да тәсілдері ұсынылады:

Сіз мыналарды жасай аласыз:

- әрбір қосалқы станцияның бірінші қабатында орналасқан «Шағымдар мен ұсыныстар жәшігіне» толық аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (ұялы және үй телефондарының нөмірлері, тұрғылықты мекенжай) көрсете отырып жазбаша өтініш қалдыру;

- біздің сайттағы МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫН БАҒАЛАУ бөлімінде өтініш қалдыру;

- 103 нөміріне тәулік бойы, сондай-ақ +7722-2-516719 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалып, өтінішіңізді қалдыру.

ПҚжІАҚ Сіздің өтінішіңізді Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген мерзімдерде қарап, жауап береді.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы

Мекенжай: Семей қаласы, Орманды көшесі, 32/1

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

2-қабат, 203-кабинет

Жұмыс уақыты:

08:00-16:30
WhatsApp: +7705 798 2837

Дүйсенбіден жұмаға дейін
Сенбі, жексенбі – демалыс

ПҚжІАҚ жетекшісі
Ғатауллина Эльвира Закиевна
Жоғары білікті санатты дәрігер

Тел.: 8 722-2-51-44-34

Мамандар:

Гайсина Зарина Гильфановна
Бірінші біліктілік санатты дәрігер

Спанова Ляззат Ерболовна
Бірінші біліктілік санатты дәрігер

Нужнов Максим Валерьянович
Екінші біліктілік санатты фельдшер

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері