Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Жедел жәрдем қызметкерлері қызмет ардагерлерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

2026 жылғы 1 қазанда Абай облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК Халықаралық қарттар күніне орай қызмет ардагерлерін құттықтады.

Бұл күн жедел медициналық жәрдем қызметінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, адам өмірін сақтауға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға өз үлесін қосқан әріптестерімізге деген зор алғысымызды білдіруге тағы бір мүмкіндік болды.

Ардагерлерге «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» кәсіподақ ұйымы «SENIM» атынан естелік құттықтау ашықхаттары мен ақшалай сыйлықтар салынған конверттер табысталды.

Ардагерлерге көп жылғы адал еңбегі, кәсіби шеберлігі, мамандыққа деген адалдығы және жас медицина қызметкерлері үшін үлгі болып табылатын баға жетпес тәжірибесі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.

Құрметті ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, амандық, жан жылуын, жақындарының қамқорлығы мен ықыласын тілейміз. Әр күндеріңіз жедел медициналық жәрдем қызметін дамытуға қосқан үлестеріңізге деген құрметке, ізгілік пен алғысқа толы болсын!

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері