1. Мәртебені қалай тексеруге болады?
МӘМС (ОСМС) жүйесіндегі өз мәртебеңізді келесі құралдар арқылы тексеруге болады:
2. Сақтандырылған мәртебені тексеруге қандай банктердің мобильді қосымшалары қолжетімді?
3. МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған жүкті әйел емханаға есепке тұра ала ма?
Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болса, ол жеңілдік санатына кіре алады, бұл жағдайда МӘМС жарналарын мемлекет төлейді. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға жүгініп, жүктілік бойынша есепке тұруы қажет.
МӘМС жүйесінде мәртебесі жоқ жүкті әйел учаскелік дәрігер мен акушердің қабылдауы арқылы есепке тұра алады, себебі бұл қабылдау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді.
Жүкті әйел КМИС жүйесіне енгізілгеннен кейін, соңғы 2–3 айда салық төлемдері болмаған жағдайда, мәртебе автоматты түрде беріледі.
4. Қате және артық төленген МӘМС жарналарын қалай қайтаруға болады?
Қате рәсімделген төлемді (мысалы, дұрыс емес кезең көрсетілген жағдайда) қайтару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына белгіленген нысанда өтініш беру қажет (өтініш үлгісі https://msqory.kz/kk/ сайтындағы «МӘМС-гид» бөлімінде орналастырылған).
Өтінішті «Қазпошта» арқылы жолдауға немесе https://eotinish.kz/ электрондық платформасы арқылы тапсыруға болады. Өтінішке төлем жасалғанын растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Өтінішті қарау мерзімі 15 жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту: МӘМС төлемдерін басқа кезеңдерге қайта бөлуге болмайды, алайда қайтарым жасалғаннан кейін қажетті кезең үшін қайта төлем жасауға болады.
5. Мен жұмыс істемеймін және ешқашан медициналық сақтандыруға жарна төлеген емеспін. Сақтандырылған мәртебені қалай алуға болады?
Мәртебе алу үшін дербес төлеуші ретінде келесі тәсілдердің бірімен жарна төлеуге болады:
1) ағымдағы немесе келесі айдан бастап алдағы 12 ай үшін – әр айға жеке-жеке ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ы мөлшерінде (2025 жылы – айына 4 250 теңге);
2) өткен 12 ай үшін – әр айға жеке-жеке ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (2024–2025 жж. – айына 4 250 теңге).
Егер пациент алдағы бір жыл ішінде ресми жұмысқа орналасуды жоспарламаса және жеңілдік санатына жатпаса, бірінші тәсілді таңдағаны жөн. Бұл бір жылға алдын ала сақтандырылған болуға мүмкіндік береді.
Маңызды: төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-та 2–3 жұмыс күні ішінде өңделеді, содан кейін төлеушіге мәртебе беріледі.
6. Қанша және қалай төлеу керек?
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар басқа әлеуметтік аударымдармен қатар, тіркелген жарна төлейді — ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, яғни 2025 жылы 5 950 теңге.
Егер жалдамалы қызметкерлері болса, олар үшін қосымша төлем жасалады:
Егер кәсіпкер бір мезгілде жалдамалы жұмысшы ретінде де жұмыс істесе, ол МӘМС жарналарын әрі жеке кәсіпкер ретінде, әрі қызметкер ретінде төлейді.
Кейбір санаттар жарна төлеуден босатылады, мысалы: қызметі ресми түрде тоқтатылған жеке кәсіпкерлер, мүгедектер, зейнеткерлер, наградталған көпбалалы аналар және күндізгі бөлімде оқитын студенттер.
Белсенді жеке кәсіпкерлігі бар декреттік демалыстағы әйелдер, егер қызметін тоқтатуды рәсімдемесе, жарна төлеуге міндетті.
7. Мен ресми түрде жұмыс істеймін, жұмыс беруші мен үшін барлық төлемдерді төлейді. Бірақ менің әрекет етуші жеке кәсіпкерлігім де бар. Ол бойынша МӘМС жарналарын төлеуім керек пе?
МӘМС жарналарының төлеушілері болып жеке тұлғалар, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) бойынша жұмыс істейтін тұлғалар және жеке кәсіпкерлер табылады («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 14-бабының 2-тармағы).
Егер жалдамалы қызметкер кәсіпкерлік қызметті де жүзеге асырса, МӘМС төлемдері келесідей болады:
1) жалдамалы қызметкер ретінде – қызметкер табысынан 2% мөлшерінде МӘМС жарнасы, ал 3% мөлшеріндегі аударымдар жұмыс беруші есебінен төленеді;
2) жеке кәсіпкер ретінде – табыстан емес, ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы көлеміндегі тіркелген жарна төленеді (2024 және 2025 жылдары – 5 950 теңге).
Осылайша, егер жеке тұлға жалдамалы қызметкер болып табылса және салық есептілігін ұсынуы тоқтатылмаған немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылмаған жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, МӘМС жарналарын жеке кәсіпкер ретінде төлеу міндеті сақталады.
8. Мен ресми түрде жұмыс істеймін, бірақ жұмыс берушім мен үшін төлем жасай алмай отыр, төлемдер қайтарылуда. Бұл неліктен болады?
Қызметкер үшін төленген қаражаттың жұмыс берушіге қайтарылуы келесі жағдайларда орын алуы мүмкін:
1) қаражат аударылған сәтте қызметкердің жеке құжаттары (жеке куәлігі) ауыстырылған болса;
2) төлем жасау кезінде қызметкердің деректері дұрыс енгізілмесе (ЖСН, аты-жөні бойынша қателер);
3) қызметкер жарналар мен аударымдар төлеуден босатылатын жеңілдікті санаттардың біріне жатса:
Яғни, егер сіз жеңілдікті санаттардың біріне кірсеңіз, жұмыс беруші сіз үшін МӘМС жарналары мен аударымдарын төлемеуі тиіс.
9. Мен жұмыс істеймін, бірақ емханаға жүгінген кезде МӘМС жүйесінде мәртебем жоқ екені белгілі болды, ал ұйым барлық төлемдерді уақытында жасап отырған. Мен екі ай бойы ауру парағында болған кезде жарналар бойынша үзіліс қалыптасқаны анықталды. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Шынында да, қызметкер бір айдан артық уақытша еңбекке жарамсыздық парағында болған жағдайда, жұмыс беруші әдетте жұмыс күндері болған айда ғана төлемдер жүргізеді. Уақытша еңбекке жарамсыздықтың кейінгі кезеңінде қызметкер табыс алмайды, сәйкесінше салық салынатын база болмағандықтан міндетті төлемдер жүргізілмейді.
Осы кезең үшін берешектің қалыптасуына жол бермеу мақсатында қызметкер МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде төлеуі қажет.
10. Мен жұмыс істеймін, бірақ ресми жұмысқа тұрғаныма небәрі 8 ай болғандықтан сақтандырылған мәртебем жоқ. Қазіргі уақытта маған бейінді дәрігердің кеңесі мен ем қабылдау қажет. Не істеу керек?
Сақтандырылған мәртебе соңғы 12 өткен ай немесе алдағы 12 ай үшін дәйекті төлемдер болған жағдайда беріледі. Осыған байланысты, аталған жағдайда мәртебе алудың екі нұсқасы бар:
дербес төлеуші ретінде өткен 12 айдың жетіспейтін 4 айы үшін жарналарды төлеу (әр айға 4 250 теңгеден);
жұмыс берушіден жарналар мен аударымдар түсетін келесі 4 айдың өтуін күтіп, нәтижесінде 12 дәйекті төлемнің қалыптасуын қамтамасыз ету.
Қызметкерге медициналық көмек қазіргі уақытта қажет болғандықтан, сақтандырылған мәртебені жедел алу үшін бірінші нұсқаны таңдаған жөн.
11. Мен мұғалім болып жұмыс істеймін, жыл сайынғы еңбек демалысым - 56 күн. Мәртебемді жоғалтпау үшін ұйымым МӘМС бойынша төлемдерді қалай жүргізуі тиіс?
Ұзақтығы бір немесе одан да көп күнтізбелік айды қамтитын ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңін қамтитын табыс есептелген (есептелетін) жағдайда, МӘМС жарналары мен аударымдары демалыс кезеңін қамтитын біржолғы есептелген табыс сомасынан, демалыс күндерінің санына пропорционалды түрде айлар бойынша бөліп төленуі тиіс.
Яғни, егер еңбек демалысы бірнеше айды қамтыса, МӘМС төлемдерін тиісті кезеңдерге бөлу қажет.
Мысалы, қызметкер маусым айының соңынан тамыз айының басына дейін демалыста болса, бухгалтер төлемдерді бір жолғы сомамен емес, маусым, шілде және тамыз айлары үшін демалыс күндеріне пропорционалды түрде бөлек есептеп, төлеуі тиіс.
12. Менде ЖШС бар, қазіргі уақытта табыс жоқ. Алайда төленбеген айлар қалып қойған. Осы кезең үшін дербес төлеуші ретінде төлем жасай аламын ба?
Егер азамат ЖШС-нің құрылтайшысы болып табылса, ол өзі үшін дербес төлеуші ретінде ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде МӘМС жарналарын төлейді (2024–2025 жылдары — әр айға 4 250 теңгеден).
Ал егер ол аталған ЖШС-де қызметкер ретінде (мысалы, директор) тіркелген болса, онда қызметкер ретінде төлем жүргізілуі қажет: 2% жарна және 3% аударым.
13. Мен дербес төлеуші ретінде төлемдерді қате төледім. Жетпейтін соманы қосымша төлеуге бола ма?
Иә, болады. Жетпейтін соманы екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы немесе «Қазпошта» кассасы арқылы, төлем жүргізілетін қажетті кезеңді көрсете отырып, қосымша төлеуге болады.
14. Егер жеке кәсіпкер жеңілдікті санатқа кірсе, оған МӘМС төлеу қажет пе?
МӘМС жарналары жеке кәсіпкерлермен Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңдарына сәйкес төленеді (салық есептілігін ұсынуы тоқтатылған немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда).
Жеке кәсіпкер келесі санаттардың біріне жататын болса, МӘМС жарналары мен аударымдарын төлемейді: 18 жасқа дейінгі балалар; зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері; «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар; мүгедектігі бар тұлғалар; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын тұлғалар.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1