Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтарының балалары МӘМС жүйесіндегі «балалар» жеңілдікті санатына жатады. Олар үшін жарналарды мемлекет төлейді.
Бұл ретте ата-анасының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты мен тұруға ықтиярхатының болуы баланың МӘМС жүйесінде «балалар» санатына автоматты түрде енгізілуін білдірмейді.
Егер бала шетел азаматы болып табылса, ата-анасы оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын тұлға мәртебесін ресімдеудің белгіленген рәсімінен бөлек өтуі қажет.
Ата-аналар не істеуі керек?
Шетелдік ата-аналарға балаға қажетті құжаттарды уақтылы рәсімдеп, көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну, сондай-ақ бала туралы мәліметтердің мемлекеттік ақпараттық жүйелерге дұрыс енгізілгеніне көз жеткізу ұсынылады.
Қағидалардың 22-тармағына сәйкес, Мемлекеттік корпорация «балалар» тізімін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесіндегі, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректер негізінде қалыптастырады.
23-тармаққа сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесіне балалар туралы деректер ҚР Әділет министрлігінің жеке тұлғалар жөніндегі мемлекеттік дерекқорынан беріледі.
Осылайша, баланы «балалар» жеңілдікті санатына енгізу үшін ол туралы қажетті мәліметтердің дұрыс рәсімделіп, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде көрсетілуі маңызды.
Нормативтік негіз: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларды және денсаулық сақтау субъектілерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы», 22–23-тармақтар.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1