Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Жүктілік және МӘМС: болашақ ана нені білуі керек?

 

«Мен жүктімін, еш жерде жұмыс істемеймін және жеке кәсіпкер емеспін. МӘМС-ке жарнаны өзім төлеуім керек пе?»

Егер сіз жұмыс істемейтін жүкті әйелдер санатына жатсаңыз, МӘМС жарнасын өзіңіз төлеудің қажеті жоқ. Бұл санаттағы әйелдер үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді.

МӘМС жүйесінде мәртебе алу үшін ең алдымен жүктілік бойынша есепке уақтылы тұру маңызды. Жүктілік туралы мәліметтер «Жүкті әйелдер және бала туу жасындағы әйелдер тіркелімі» ақпараттық жүйесінен беріледі. Осы мәліметтердің негізінде жұмыс істемейтін жүкті әйелдердің тізімі қалыптастырылып, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуы туралы деректер салыстырылады.

Не істеу керек?

- Жүктілік бойынша медициналық ұйымға есепке тұру.
- Жүктілік туралы мәліметтердің ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілгеніне көз жеткізу.
- Өзінің сақтандырылу мәртебесін Qoldau 24/7, msqory.kz, eGov.kz, сондай-ақ Damumed және банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеру.

Егер сіз жүктілік бойынша есепте тұрсаңыз, бірақ МӘМС жүйесінде мәртебеңіз әлі де «сақтандырылмаған» деп көрсетілсе, алдымен өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет.

Егер мәселені медициналық ұйым деңгейінде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына мына арналар арқылы жүгінуге болады:

- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
- msqory.kz ресми сайты;
- Telegram желісіндегі @SaqtandyrBot.

Жұмыс істемейтін жүкті әйелдердің мәртебесін қалыптастыру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-333/2020 бұйрығымен бекітілген. Аталған бұйрықтың 2-параграфында «Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» санатына жататын тұтынушыларды есепке алу тәртібі, 24–26-тармақтарында тиісті нормалар белгіленген.

818598491_18371453011213705_5145622348342796615_n
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері