Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры цифрлық сервистерді дамытуды жалғастыруда. Қазірдің өзінде қосымшада сақтандырылу мәртебесін тексеруге, МӘМС жүйесіне қатысу және төлемдер туралы мәліметтерді көруге, сондай-ақ медициналық ұйымға бару фактісін QR-код арқылы растауға болады.
Келесі кезеңде пациенттің жеке профилін, электрондық денсаулық паспортын және қаржылық паспортын іске қосу жоспарланып отыр. Пациенттер алынған медициналық қызметтер туралы ақпаратты көріп, олардың сапасын бағалай алады және Қорға тікелей өтініш жолдай алады. Осылайша, цифрлық сервистер денсаулық сақтау жүйесін әрбір азамат үшін ыңғайлырақ, ашығырақ әрі түсініктірек етуге көмектеседі.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1