Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Қазақстан Республикасында тегін шұғыл медициналық көмекті алуға кімнің құқығы бар?

Шұғыл медициналық көмек алуға құқылы:

- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- қандастар;
- Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде шұғыл медициналық көмек алуғақұқылы. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесінің болуы талап етілмейді.

Жедел медициналық жәрдемді шақыру үшін 103 нөміріне қоңырау шалу қажет. Қоңырау кезінде нақты мекенжайды немесе орналасқан жерді, көмек кімге қажетекенін және шақыру себебін хабарлау керек.

Шығындар Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен толықтай мемлекет тарапынан өтеледі. Жедел медициналық жәрдем өмірге немесе денсаулыққа тікелей не ықтимал қауіп төндіретін барлық жағдайларда тегін көрсетіледі. Оларға: миокард инфаркті, инсульт, ауыр жарақаттар, жол-көлікоқиғалары (ЖКО), есінен тану, қатты қан кету, құрысу белгілерімен қатар жүретін жоғары дене қызуы жатады.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері