9 қазанда Еуропалық донорлық және трансплантация күні қарсаңында Абай облысының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы базасында Қазақстандағы ағзалық донорлықты дамыту мәселелеріне арналған конференция өтті.
Конференцияны Абай облысының өңірлік трансплант-үйлестірушісі Алибаева Галия Айтчановна өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға донорлық үдерісті ұйымдастыру, қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың медициналық және этикалық аспектілері, сондай-ақ ауыр дертке шалдыққан пациенттердің өмірін сақтап қалудағы трансплантацияның маңызы туралы айтылды.
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Сондықтан осы маңызды тақырыпты ашық талқылау, медицина қызметкерлерінің ақпараттандырылуын арттыру және қоғамда донорлыққа саналы көзқарас қалыптастыру ерекше маңызға ие.
Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық — басқа адамдарға ең қымбат нәрсені, яғни үміт пен өмірді жалғастыру мүмкіндігін сыйлау.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1