Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Қызметкерлерді оқыту

2026 жылғы 1-9 қыркүйек аралығында Абай облысының Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Оқу-симуляциялық орталығы базасында қызметкерлерге ACLS — ересектерге кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы бағдарламасы бойынша оқу өткізілді.

Сабақ барысында қатысушылар өмірге қауіп төндіретін жүрек ырғағы бұзылыстарын анықтау, сапалы жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, дефибрилляция жасау, дәрілік терапия қолдану және қан айналымы тоқтаған кездегі командалық өзара іс-қимыл дағдыларын жетілдірді.

Ерекше назар жедел медициналық жәрдем бригадасының нақты жұмыс жағдайына барынша жақындатылған ахуалда алгоритмдерді практикалық тұрғыда пысықтауға аударылды.

Оқу қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруға және Абай облысының тұрғындарына көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасын жақсартуға бағытталған.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері