Қазақстанда жыл сайын балалардың терезеден құлау жағдайлары тіркеледі. 2026 жылдың алғашқы үш айындағы мәлімет бойынша елімізде балалардың терезеден және биіктіктен құлауының 44 жағдайы тіркеліп, оның төртеуі қайғылы жағдаймен аяқталған.
Мұндай оқиғалардың негізгі себептері – балаларды қараусыз қалдыру, терезелердің ашық болуы және масаға қарсы торларға сену.
Осыған байланысты ата-аналар мен заңды өкілдерден ерекше мұқият әрі жауапты болуды, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, әсіресе терезесі ашық бөлмелерде жалғыз қалдырмауды, терезелерге арнайы қауіпсіздік бекіткіштерін орнатуды және масаға қарсы торлардың баланы құлаудан қорғай алмайтынын есте сақтауды сұраймыз.
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтайық!
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1