Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Халықаралық балалар күні

1 маусым 2026 жылы, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Абай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының кәсіподақ ұйымы балаларға ғажайып ертегі сыйлады. Жаздың алғашқы күнінде қала көшелері күннің жылы шуағына және шат күлкіге бөленген шақта, Семей қаласындағы тарихи Абай атындағы драма театрының қабырғасында нағыз театрлық ғажайып орын алды.

Бұл күні театр фойесі қонақтарды мерекелік көңіл күймен қарсы алды. Кішкентай көрермендер қызықты анимациялық бағдарламаларға қуана қатысып жатқанда, олардың ата-аналары – күн сайын өзгенің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу жолында еңбек ететін жандар – жұмыс қарбаласынан бір сәтке болса да қол үзіп, балаларымен бірге нағыз бақыт аралында қуанышқа бөленді.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері