Турнир Қазақстан Республикасы футбол лигасының регламентіне сәйкес ұйымдастырылды. Турнирді жалпы басқару мен өткізуді «Senim» республикалық кәсіподағы жүзеге асырды.
Іс-шара корпоративтік рухты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық өзара іс-қимылды дамыту және медицина ұйымдары ұжымдарының бірлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясынан» турнирге екі команда қатысты. Бірінші команда Орталық қосалқы станция атынан қатысып, оның құрамында бас дәрігер Владимир Ли болды. Екінші команда Әуезов қосалқы станциясының атынан өнер көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Орталық қосалқы станция командасы ІІ орынды, ал Әуезов қосалқы станция командасы ІІІ орынды иеленді.
«Турнирдің үздік қақпашысы» номинациясымен Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкері Баяхметов Айбол марапатталды. Ал «Үздік шабуылшы» номинациясына Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкері Бакраев Аманжол лайық деп танылды.
Жеңімпаздарды лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Оларға зор денсаулық, кәсіби табыс және алдағы уақытта жаңа жеңістер тілейміз!
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1