Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

12 жылға дейін бас бостандығынан айыру: Тоқаев медицина қызметкерлерін қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды

Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза қатаңдатылды. Президент «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заң медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді көздейді. Қылмыстық кодекс 380-3-баппен толықтырылды — «Медицина қызметкеріне немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты қорқыту немесе күш қолдану».

Енді құқық бұзушыларға мынадай жаза қарастырылған:

- медицина қызметкерлеріне және жедел жәрдем жүргізушілеріне күш қолданамын деп қорқыту үшін — 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда — 2 жылдан 3 жылға дейін.

- өмірге және (немесе) денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану үшін — 500-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл, не сол мөлшерде түзету жұмыстары, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, не 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру. Ауырлататын мән-жайлар болса — 3 жылдан 7 жылға дейін.

- өмірге және денсаулыққа қауіпті күш қолдану үшін — 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда — 7 жылдан 12 жылға дейін.

Қорғау шаралары жедел жәрдем көлігінің жүргізушілеріне де қолданылады.

Аталған түзетулерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурасы бірлесіп әзірледі.

Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері