2026 жылғы 26 ақпанда Семей қаласындағы көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған мамандандырылған кітапхананың қызметкерлері Абай облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына арнайы барып, қала мен облыс тұрғындарының денсаулығы жолында тәулік бойы атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс білдірді.
Аталған іс-шара Қазақстанда жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылды. Бұл мереке қоғамдағы өзара құрмет пен ризашылықты, бірлік пен қолдауды дәріптейді.
Ізгі тілектер мен шынайы алғыс сөздер станция ұжымы тарапынан үлкен ризашылықпен қабылданды. Медицина қызметкерлері мұндай кездесулер олардың жұмысына жігер беріп, жауапкершілікті қызметтерін одан әрі абыроймен атқаруға ынталандыратынын атап өтті.
Өз кезегінде станцияның бас дәрігері Владимир Ли кітапхана қызметкерлеріне естелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, ол көзі нашар көретін және зағип жандар үшін жедел жәрдем шақыру кезінде арнайы чат-бот жұмыс істейтінін, бұл қызмет арқылы жедел түрде байланыс орнатуға болатынын айтты.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1