2025 жылғы 15 желтоқсанда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының конференц-залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара аясында Қазақстанның Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдерін зерделеуге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тарихи жадыны сақтауға бағытталған мазмұнды бағдарлама ұсынылды. Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ерлердің ерлігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының бостандығы мен гүлденуі жолында өз өмірін арнаған батырлардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1