Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және
ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері
Меню

Менингококктық инфекция

2025 жылғы 11 желтоқсанда Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының конференц-залында шұғыл медициналық көмекті дамытудың басым бағыттарына арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы тез таралу қаупі жоғары және клиникалық маңыздылығы басым менингококк инфекциясы болды. Бұл мәселе өңірдің медициналық ұйымдарының ерекше назарын талап етеді.

Дөңгелек үстел жұмысына құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен станция мамандары қатысты. Шақырылған сарапшы ретінде инфекциялық аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының доценті Ербол Мұслимұлы Смайыл сөз сөйлеп, менингококк инфекциясының ауыр түрлерін диагностикалау, пациенттерді маршрутизациялау және ем тактикасы бойынша заманауи тәсілдерді ұсынды.

Талқылау барысында қатысушылар ауруды ерте анықтау, дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмектің алгоритмдерін жетілдіру, сондай-ақ менингококк инфекциясына күдік болған жағдайда жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің дайындық деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

11-12-1
11-12-2
11-12-3
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу ҚКМ

ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1

Сенім телефоны:
8 (7222) 51-67-19 - тәулік бойы
8 705 506 42 72 - ауысымның аға дәрігері тәулік бойы
8 705 798 28 37 - пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі 8.00 - 16.30 жұмыс күндері