2025 жылдың 3 желтоқсанында жедел медициналық жәрдем станциясының акт залында жедел респираторлық вирустық инфекцияларды (ЖРВИ) емдеу мен алдын алудың заманауи тәсілдеріне, сондай-ақ жөтелі бар науқастарды жүргізудің ерекшеліктеріне арналған ғылыми-тәжірибелік дәріс өтті.
Іс-шараның спикері - Уразалина Жанар Маратовна, жоғары санатты дәрігер, балалар және ересектер пульмонологиясы, жедел медицина және терапия салаларының маманы, медицина ғылымдарының кандидаты, «МУС» КЕАҚ жедел медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, сондай-ақ Абай облысының бас пульмонологы.
Дәрістің негізгі тақырыптары
Кездесу барысында келесі мәселелер жан-жақты қарастырылды:
Жанар Маратовна дәлелді медицинаға негізделген емдеу әдістеріне және дәрілік заттарды қолдануда жиі жіберілетін қателіктерге ерекше назар аударды. Бұл қатысушыларға халықаралық заманауи ұсынымдарға сай білімдерін жаңартуға мүмкіндік берді.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1