2026 жылғы 23 қаңтарда Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясына шұғыл медициналық көмектің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында жаңа санитарлық автокөліктер табысталды.
Салтанатты жағдайда жаңа санитарлық автокөліктердің кілттерін Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай облысының Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Ли Владимир Викторовичке табыс етті.
Кілттерді тапсыру барысында облыс әкімі бұл оқиғаның өңірдің денсаулық сақтау жүйесі үшін аса маңызды екенін атап өтіп, жедел медициналық жәрдем автопаркін жаңарту халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін айтты. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің облыс денсаулық сақтау саласын дамытудағы ерекше үлесін атап өтті.
Санитарлық автокөліктерді тапсыру рәсіміне жиналған жедел медициналық жәрдем қызметкерлері бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Медициналық ұжым көрсетіліп отырған қолдау мен қамқорлық үшін алғысын білдірді.
Жаңа санитарлық автокөліктерді пайдалануға беру жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмыс тиімділігін арттырып, шақыртуларға жету уақытын қысқартуға және пациенттерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1