Абай облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 10 жылдығына орай медициналық қызметтерді жеткізушілер арасында өткізілген «Медициналық көмектің флагманы — 2026» байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың негізгі мақсаты — үздік тәжірибелерді қолдау, медициналық көмектің сапасын арттыру және пациентке бағдарланған тәсілді дамыту.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын - БМСК, консультациялық-диагностикалық және жедел медициналық көмек көрсету бағыты бойынша — Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК.
1 орын - Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету бағыты бойынша — Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ КМК.
Қатысушыларды бағалау барысында қаржылық тұрақтылық, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, шағымдар санының төмендеуі, пациенттерді қолдау қызметінің тиімділігі, қаржылық тәртіп және Qalqan ақпараттық жүйесіндегі белсенділік ескерілді.
Байқау Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің қолдауымен өткізілді. Марапаттау рәсімі барысында Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан жеңімпаздарға медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күнделікті жұмысына қосымша қолдау болатын пульсоксиметрлер мен небулайзер түріндегі пайдалы сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға үлес қосып жүрген барлық медициналық қызметтерді жеткізушілерге алғысымызды білдіреміз!
ҚР, Абай ауданы, Семей қ., Орманди к., 32/1